Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент полицейлері жоғалған 5 жасар қызды тауып, анасына жеткізді

Жарияланған күні:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент полицейлері жоғалған қызды тамақтану мекемесінен аман-есен тауып, анасына жеткізді. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

Полицияға жергілікті тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Оның айтуынша, 5 жасар қыз би үйірмесіндегі сабағынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Тәртіп сақшылары қыздың жүрген жерін анықтау үшін жақын маңдағы барлық аумақты аралап, оны көруі мүмкін адамдардан сұрастырған.

Іздеу шараларының нәтижесінде патрульдік инспекторлар жарты сағат ішінде қызды тамақтану орындарының бірінен тауып, анасына аман-есен қайтарып берді.

Айта кетейік, Семейде әпкесі мен інісі жоғалып кеткпені хабарланған болатын. Кейін қыздың денесі табылды. Ер бала әлі іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102459-shymkent-politseileri-zhogalgan-5-zhasar-qyzdy-tauyp-anasyna-zhetkizdi/