Атырау облысының тұрғындары тасжолдың жырылуына наразылық білдірді (видео)
Опубликовано:
Атырау облысының Махамбет ауданында елдімекендерді су басып кетпеу үшін су арнасын бұру мақсатында тасжол жырылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жедел штабтың Telegram-арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғап тұрған тасжол жырылған. Әкімдік жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады, алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қатты болуынан бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін болмай тұр.
Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
"Тасқынмен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды, бірақ аталған жұмыстар тұрғындар қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Сарытоғай ауылынан Махамбет ауылына қатынаушылар "Сейтек" шәйханасы жанындағы айналма жолмен өтеді.
Осы ретте тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймыз", - делінген жедел штаб хабарламасында.
Ал әлеуметтік желіде екі ауыл тұрғындарының жолды қалпына келтіруді талап еткен видеосы жарияланды. Жұрт төтенше жағдай бола қалса, өрт сөндірушілер де, жедел жәрдем көлігі де жете алмайды қалады деп қорқып отыр.
- Тікұшақ апатынан қаза болған құтқарушының қызы тасқыннан зардап шеккен елге қалай көмек беріп жүр
- Атырау облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігін су шайып кетті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2103368-atyrau-oblysynyng-turgyndary-taszholdyng-zhyryluyna-narazylyq-bildirdi-video/