Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны басталғаннан бері Құлсарыға мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді (видео)

Жарияланған күні:

Құлсары қаласы
Құлсары қаласы. Фото: ТЖМ

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындарына азық-түлік пен қажетті заттардан бөлек, мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті.

"Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз.

Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті.

Сондай-ақ ведомство мәліметіне сүйенсек, Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілген. Оның ішінде ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103524-su-tasqyny-bastalgannan-beri-qulsaryga-myng-tonna-gumanitarlyq-komek-zhetkizildi-video/