Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кесуге 450 мың теңге сұрады": Алматыда жүз жылдық емен үйдің шатырына құлады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Үйдің шатырына құлаған емен ағашы
Үйдің шатырына құлаған емен ағашы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының Медеу ауданында алып емен жеке үйдің шатырына құлады. Бұл туралы редакцияға оқиға куәгерлері мәлімдеді. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алып емен ағашы Бегалин көшесіндегі жеке үйдің ауласында өсіп тұрған. Көршілердің айтуынша, жексенбі таңертең емен ағашы бір жағына қарай қисайған.

Үйдің шатырына құлаған емен ағашы
Үйдің шатырына құлаған емен ағашы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Үйдің иесі: "Құлайды, құлайды" деді. Ағашты кестіруге ақшасы болмағанын, еменді кесуге 450-500 мың, кейбіреулер тіпті 1,5 млн теңге сұрағанын айтты. Олар жеке адамдар, өйткені "Зеленстрой" аумақтағы ағаштарды кесіп, бұталайды, ал жеке аумақтағы ағаштарды иесі өз қалтасынан ақша шығарып, кестіруі керек.

Әйелім Төтенше жағдайлар министрлігіне телефон соқты, олар жеке аумақта өсіп тұрғанын айтқан. Түнде жаңбыр жауды...Соның салдарынан бүгін түнгі сағат 03:30-да емен құлады.

Мұны естіген әйелім шошып кетті. Ол түнімен ұйықтаған жоқ. Басқа жаққа хабарласқан жоқпыз", - дейді үй иесінің көршісі Станислав Иванович.

Бөлме ішінде төбеден түскен топырақ шашылып жатыр
Емен құлаған бөлме. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оның айтуынша, ешкім зардап шекпеген, тек үйдің шатыры зақымдалған.

"Үй әбден ескірген, сондықтан емен қабырғаларын еденге дейін жарып кетуі мүмкін еді", - дейді ол.

Үй тұрғындарының сөзінше, жексенбіде бір жағына қисайған ағаш дүйсенбіде құлаған, бірақ зардап шеккендер жоқ, себебі ағашқа жақын тұрған бөлмені пайдаланбай, жауып қойған.

Еменнің салмағынан бөлменің төбесі опырылып түскен
Емен құлаған бөлме. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Кеше бөлмені босатып, жауып, ешкімді кіргізбедік. Төтенше жағдайлар министрлігіне телефон соғып едік, жеке үйлердің аумағындағы ағашты кеспейтінін айтты. Бірнеше жылдан бері қызметті шақыртып келеміз, олар 450 мың теңге сұрады. Ағашты кесу деген қымбат екен. Үйдің қабырғасы ауыр салмақты көтере алмай, үй құлауы мүмкін" - дейді Юлия.

Алып емен үйдің шатырын басып қалған
Үйдің шатырына құлаған емен ағашы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

NUR.KZ тілшісі ақпарат алу үшін қала әкімдігі мен Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне хабарласты. Төтенше жағдайлар департаменті 112-ге қоңырау түспегенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103605-kesuge-450-myng-tengge-surady-almatyda-zhuz-zhyldyq-emen-uiding-shatyryna-qulady-foto-video/