"6 айға көлік басқару құқығынан айырылады": Алматы полициясы жол ережесіне енгізілген жаңа өзгерістерді түсіндірді (видео)
Жарияланған күні:
Мамырда "Жол қозғалысы" ережелеріне бірқатар түзету енгізілді. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі нақты қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство өкілдері 6 мамырда Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар түзету енгізілгенін еске салды. Атап айтқанда:
1. "Бір" үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өту жауапкершілігін өзгерту. Енді жалпақ үзіксіз тұтас бір сызықты (1.1 жол таңбасымен белгіленген) және/немесе басып озуға тыйым салынған (3.20 белгісімен белгіленген) бөлінген екі жолақты жолға өту қарама-қарсы жолға шығумен теңестіріледі. Бұл бұзушылық 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен жазаланады;
2. елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын 50 км/сағ дейін төмендету;
3. М3 санатындағы барлық көлік құралдары (автобустар) үшін бөлек бөлінген жолақтың болуы;
4. тірек-қозғалыс аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектердің жол инфрақұрылымына қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Егер бұрын "Мүгедек" сәйкестендіру белгісін көлік құралына тек 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар қоя алатын болса, енді мұндай белгіні тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 3-топтағы мүгедектігі бар адамдар де пайдалана алады. Еске салсақ, мұндай белгі мүгедектігі бар адамдарға арнайы бөлінген тұрақтарда тоқтауға, сондай-ақ автотұраққа тыйым салынған орындарға тоқтауға басым құқық береді.
Сонымен қатар жаңа жол белгілері қолданысқа енгізілді:
- 3.9.1. "Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады";
- 5.8.6а - 5.8.6c "Параллель қозғалыс бөлігіне ауысу";
- 5.8.6д, 5.8.6д "Параллель жүріс бөлігінің соңы";
- 5.16.3 "Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі" және т.б.
Және жаңа сәйкестендіру белгілері:
- "Электромобиль";
- "Газ жабдығы бар көлік".
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі пайда болатынын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104179-6-aiga-kolik-basqaru-quqygynan-aiyrylady-almaty-politsiiasy-zhol-erezhesine-engizilgen-zhanga-ozgeristerdi-tusindirdi-video/