jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"6 айға көлік басқару құқығынан айырылады": Алматы полициясы жол ережесіне енгізілген жаңа өзгерістерді түсіндірді (видео)

Жолдағы көліктер
Жолдағы көлік және тәртіп сақшысы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамырда "Жол қозғалысы" ережелеріне бірқатар түзету енгізілді. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі нақты қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдері 6 мамырда Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар түзету енгізілгенін еске салды. Атап айтқанда:

1. "Бір" үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өту жауапкершілігін өзгерту. Енді жалпақ үзіксіз тұтас бір сызықты (1.1 жол таңбасымен белгіленген) және/немесе басып озуға тыйым салынған (3.20 белгісімен белгіленген) бөлінген екі жолақты жолға өту қарама-қарсы жолға шығумен теңестіріледі. Бұл бұзушылық 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен жазаланады;

2. елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын 50 км/сағ дейін төмендету;

3. М3 санатындағы барлық көлік құралдары (автобустар) үшін бөлек бөлінген жолақтың болуы;

4. тірек-қозғалыс аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектердің жол инфрақұрылымына қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Егер бұрын "Мүгедек" сәйкестендіру белгісін көлік құралына тек 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар қоя алатын болса, енді мұндай белгіні тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 3-топтағы мүгедектігі бар адамдар де пайдалана алады. Еске салсақ, мұндай белгі мүгедектігі бар адамдарға арнайы бөлінген тұрақтарда тоқтауға, сондай-ақ автотұраққа тыйым салынған орындарға тоқтауға басым құқық береді.

Сонымен қатар жаңа жол белгілері қолданысқа енгізілді:

  • 3.9.1. "Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады";
  • 5.8.6а - 5.8.6c "Параллель қозғалыс бөлігіне ауысу";
  • 5.8.6д, 5.8.6д "Параллель жүріс бөлігінің соңы";
  • 5.16.3 "Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі" және т.б.

Және жаңа сәйкестендіру белгілері:

  • "Электромобиль";
  • "Газ жабдығы бар көлік".

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі пайда болатынын жазған едік.

"6 айға көлік басқару құқығынан айырылады": Алматы полициясы жол ережесіне енгізілген жаңа өзгерістерді түсіндірді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.