Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық талапкерлерге негізгі ҰБТ-ға тіркелу уақытша ашылды

Жарияланған күні:

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 22 мамырда негізгі ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырып үлгермеген талапкерлер үшін тестілеуге тіркелу базасы ашылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, ертең 22 мамыр сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады.

Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі", - делінген хабарламада.

Министрдің сөзінше, 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады.

"Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар. Сәттілік" , - деп жазды Саясат Нұрбек

Айта кетейік, еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ 25 мамырда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104797-qazaqstandyq-talapkerlerge-negizgi-ubt-ga-tirkelu-uaqytsha-ashyldy/