Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің 14 өңірінде негізгі ҰБТ басталды

Опубликовано:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ 25 мамырда басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясына сілтеме жасап.

"Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырады. Қазіргі таңда 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі: үш рет – ақылы негізде. Ал негізгі ҰБТ негізінде талапкерлер гранттар беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасиловтың сөзінше, биыл тестілеу форматы өзгеріссіз қалды.

Талапкерлер үш міндетті және екі таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ, оған 4 сағат беріледі.

"Комбинацияларға келетін болсақ, қазіргі таңда талапкерлердің 16 пайызы "Математика-Физика", 16 пайыздан астамы "Биология-Химия", 13 пайызы "Шығармашылық", 11 пайызы "Математика-Информатика" пәндерін таңдады. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді – "Биология-Химия", - деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оқу ағарту министрлігінің мәліметінше, 3 820 703 оқушы 2023-2024 оқу жылын аяқтайды

"Шамамен 3,9 млн қазақстандық оқушы 2023-2024 оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасады. Биыл ұзақтығы 34 апта болған оқу жылы 25 мамырда аяқталады", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101637-elimizding-14-aimagynda-negizgi-ubt-bastaldy/