jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар жазда қалай оқиды

Оқушылар сабақ оқып отыр
Оқушылар. Көрнекі фото: Pexels.com

Су тасқыны салдарынан қашықтан білім алған оқушылар үшін "Жазғы мектеп" жұмыс істейтін болады. Оқу-ағарту министрлігі өкілі сабақтар қашан басталатыны және қалай өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті, әріптестер, оқушылар, ата-аналар. Білім алушылар үшін 9-11 сыныптарды қоспағанда орта білім беру ұйымдарында білім сапасындағы жетіспеушіліктердің орнын толтыру мақсатында "Жазғы мектептер" ұйымдастыру қалыпты үдеріс. Су тасқынынан зардап шеккен төтенше жағдй жарияланған өңірлерде оқу процесі қашықтан өткізілді", - деді Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Оның сөзінше, Солтүстік, Шығыс облыстарда қыстың кезіндегі қатты аязда сабақтар қашықтан ұйымдастырылды

"Осындай жағдайда министрлік білім алушылардың қажеттілігі мен сұранысына қарай, ата-аналардың келісімімен жазғы мектептерді ұйымдастыруды ұсынады. Биыл жазғы мектеп 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында 2-3-4-5-7-8-10 сынып оқушылар үшін өз жұмысын бастауға дайын. Жазғы мектепте білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды. Үй тапсырмасы берілмейді. Климаттық жағдайларды ескере отырып, бастауыш сыныпта сабақтар 30 минуттан, 5-10 сынып аралығында 40 минуттан өткізіледі. Жазғы уақыттағы оқу қызықты, мазмұнды өтуі үшін барлық жағдай жасалуға тиіс", - дейді Қаныбек Жұмашев.

Комитет төрағасы биыл Оқу -ағарту министрлігі ата-аналарға таңдау мүмкіндігін беріп отырғанын атап өтті.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар жазда қалай оқиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.