Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаевтың үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Жеңіс Елемесов фото
Жеңіс Елемесов: Фото: Видеодан скрин

Бұған дейін 6 жылға сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге қайтарған. Агенттік тергеу жүріп жатқан іс негізінде қайтарылған активтерге қатысты өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты.

"Қылмыстық іс әлі аяқталған жоқ, тергеу жүріп жатыр. Қайрат Боранбаев сот үкімі аясында сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бастапқыда бас бостандығынан айырылғаны, кейіннен бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылғаны белгілі. Бұл өзгеріс оның шығынды толық көлемде өтегеніне байланысты қабылданды", - деді Жеңіс Елемесов.

Төраға орынбасарының айтуынша, Боранбаевты қамауға алуға қажеттілік жоқ.

"Ол бюджет қаражатын жымқыру, салық төлеуден жалтару әрекеті бойынша күдікке ілінген", - деді Елемесов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105016-qairat-boranbaevtyng-ustinen-zhanga-qylmystyq-is-qozgaldy/