jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Қолшатыр ұстаған бала
Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктердің болжауынша, 23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді. Солтүстікте үсік жүреді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық дерлік өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп болжанды.

24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда – Қазақстанның орталығында жауын-шашын күтіледі, жаңбыр соңы қарға айналып, кей уақытта қатты жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Тек кей күндері батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын тоқтайды.

Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда түнде және таңертең 3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда ауа температурасы 5-13 градус жылыға дейін төмендейді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 20-30 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.