Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны болған өңірлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр

Жарияланған күні:

Су тасқынына қарсы жұмыстар
Су тасқынына қарсы жұмыстар: ТЖМ

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ведоство мәліметінше, өткен тәулікте  Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан аула аумақтарынан 122 066 текше метр су сорылды, жұмыстар жалғастырылуда.

Атырау облысының Құлсары қаласы мен Индер ауданының Индербор ауылында су басқан аумақтардан 64 686 текше метр су сорылды. Қаптарды  төсеу жұмыстары аяқталды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 1 850 қапшық пен 1 690 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен Бәйтерек ауданының Мичуринское ауылында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Өткен тәулікте 245 мың текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 377 адам өз үйлеріне оралды. 5 435 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 23,9 млн артық еріген қар суы сорлып, 11 300 жеке тұрғын үй мен 3 602 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 127 адам, 691 техника, 240 су сору құралы және 56 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105079-su-tasqyny-bolgan-ongirlerde-dezinfektsiialyq-zhumystar-zhurgizilip-zhatyr/