Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен оқушылар жазда оқитын болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен оқушылар жазда оқитын болды. Оларға "Жазғы мектеп" ұйымдастырылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет мәліметінше, елімізде биылғы оқу жылын 3,8 млн бала аяқтағалы отыр.
"Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, ТЖ-ға байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3,5 мыңнан астам бала аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 832 мың оқушыға арналған "Жазғы мектеп" ұйымдастырылады", - делінген үкіметтің Telegram-дағы парақшасында.
Премьер-министр жазғы демалыс басталмас бұрын балаларды жазғы демалыспен және еңбекке баулумен барынша қамтуды, ауыл балаларының бос уақытына ерекше назар аударуды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат құжаттары жоқ жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмыс істеуіне жол бермеуге тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104596-qazaqstanda-su-tasqynynan-zardap-shekken-oqushylar-zhazda-oqityn-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.