Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бес жасар баланы құтқарып қалған оқушыға әкім қомақты ақша мен сый тарту етті (фото)

Жарияланған күні:

Ақан Әкімжанов ата-анасымен
Ақан Әкімжанов ата-анасымен: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек төртінші қабаттан құлай жаздаған бес жасар баланы аман алып қалған Ақан Әкімжановпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қала басшысы Instagram-дағы жеке парақшасында Ақанмен және оның ата-анасымен кездескенін жазған.

"Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін. Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде", - деп жазды әкім.

Қасымбек Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйлап, болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетуге уәде берді.

Бұған дейін Астанада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатының балконынан құлай жаздаған бес жасар баланы құтқарып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105199-astanada-bes-zhasar-balany-qutqaryp-qalgan-oqushyga-akim-qomaqty-syilyq-tartu-etti-foto/