Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 мың теңге": Арыста имамдар жаназа шығаруға ақы сұрайтыны рас па

Жарияланған күні:

Мешіттің намаз оқитын жері
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыс қаласында молдалар жаназа шығаруға арнайы ақы белгілеп қойғаны туралы ақпарат пайда болды. Қазіргі таңда желідегі жазба негізінде облыстың бас имамы Арыста арнайы жиналыс өткізіп, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Faceboоk-те Әуелхан Назарқасымұлы есімді желі қолданушысы Арыс қаласының имамдарына қатысты жазба жариялады. Автордың сөзінше, олар жаназа шығаруға 30 мың теңге ақы белгілеп қойған.

"Біздің Арыста учаскелік имамдар жаназа шығаруға 30 мың теңге деген ақы қойып қойыпты. Неге деген сұраққа "беташарға да бересіңдер ғой" деген уәждері дайын дейді. Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші? Жүре бара жағдайы жоқтар жаназасыз кететін түрі бар қысқасы", - дейді желі қолданушысы.

Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері пікір білдірді. Олардың айтуынша, қазір осы мәселенің анық-қанығына көз жеткізуге қатысты арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Біріншіден жаназа өткізу рәсіміне ақы талап ету, болмаса қандай да ақша мөлшерін белгілеу дұрыс емес. Қазір облыстың бас имамы Арыс қаласында имамдарға жиналыс өткізіп, осы мәселенің анық-қанығына көз жеткізу жұмысын жүргізіп жатыр. Егер шынында да имам тарапынан осындай өрескел қателіктер кетсе және ол расталса, сол имамға тиісті тәртіптік шара қолданылады.

Жалпы діни басқарманың "Дін қызметкерінің этикасы" деп аталатын құжатында имамдар этикасы жан-жақты жазылған. Сондықтан осы этикаға сәйкес жаназа секілді діни рәсімдерге ақша талап ету, яки соның мөлшерін белгілеп, соны халықтан ашықтан ашық сұрау этикаға қайшы", - дейді ҚМДБ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105211-30-myng-tengge-arysta-imamdar-zhanaza-shygaruga-aqy-suraityny-ras-pa/