Жаңа "он мыңдықтар": Ұлттық банк өкілі ескі банкнотаны қалай ауыстыруға болатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҰлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов сенат кулуарында жаңа 10 мыңдық купюра айналымға шығарылған кезде ескі банкноталарды не істеу керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан жаңа 10 000-дық купюра айналымға қашан шығатынын, ескі ақша қай кезге дейін жарамды болатынын сұрады.
"Жарамдылық мерзіміне келсек, біз (купюралардың – ред. ескертпесі) айырбастау уақытын шектемейміз, осыған байланысты сіздер кез келген уақытта (ақшаны айырбастауға – ред. ескертпесі) өтініш бере аласыздар. Бір күн ішінде шапқылап, ауыстыруға асығудың қажеті жоқ", - деді Ақылжан Баймағамбетов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бірнеше жыл ішінде "Сақ стилі" сериясының барлық ескі банкнотаны ауыстыру жоспарланып отырғанын жазған едік. Кейбір жаңартылған банкноталар айналымға енген.
Кейін Ұлттық банк қорларды талдау және жоспарлау басқармасының бастығы Серікжан Майданов жаңа банкноталар айналымда пайда болу мерзімдерін атаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105406-shapqylaudyng-qazheti-zhoq-on-myngdyq-eski-tenggeni-qashan-aiyrbastau-kerek/