Павлодарда жаппай төбелес кезінде курсанттың жақ сүйегі сынған
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодардағы "Жас сарбаз" мектеп-лицей-интернатында жаппай төбелеске қатысқан курсанттардың бірі сүйегін сындырып алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, 16 мамырда Қабанбай батыр атындағы облыстық "Жас сарбаз" мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан жедел жәрдемді шақыру бойынша хабарлама келіп түскен. Оқиға орнынан үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
"Ауруханаға жеткізілген жасөспірімдер 2007 және 2008 жылы туған. Екеуі амбулаторлық емделуге жіберілді. Біреуінің миы шайқалып, жақ сүйегі сынған, салдарынан ол ауруханаға жатқызылды. Ол ауруханаға орташа ауыр жағдайда түскен, қазір ауруханадан шығуға дайындалып жатыр", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда кадет корпусындағы төбелес кезінде үш оқушы зардап шеккен болатын. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105658-pavlodarda-zhappai-tobeles-kezinde-kursanttyng-zhaq-suiegi-syngan/