Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында су басқан шаруа қожалығынан 92 бас жылқы эвакуацияланды (видео)

Жарияланған күні:

Эвакуацияланған жылқылар
Эвакуацияланған жылқылар. Видеодан кадр: ТЖМ

Атырау облысының құтқарушылары 92 бас жылқыны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, өткен екі тәулік ішінде Атырау қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан Қайыршақты ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының бірінен құтқарушылар қауіпсіз жерге 92 бас жылқыны эвакуациялады.

Еске сала кетсек, Жайық өзені суының ұлғаюына байланысты аталған шаруа қожалығы тасқын судың қоршауында қалған болатын.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде малынан айырылған Құлсары тұрғынадарына 20 мамырдан бастап өтемақы төлене бастады. Құлсарылықтарға мамырдың соңына дейін өтемақы төленетіні белгілі болды.

Ақтөбе облысында су тасқынынан өлген мал иелеріне 215 миллион теңгеден астам өтемақы төленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105784-atyrau-oblysynda-su-basqan-sharua-qozhalygynan-92-bas-zhylqy-evakuatsiialandy-video/