Тасқын кезінде малынан айырылған құлсарылықтарға өтемақы қашан беріледі
Жарияланған күні:
Су тасқыны кезінде малынан айырылған Құлсары тұрғынадарына 20 мамырдан бастап өтемақы төлене бастады. Құлсарылықтарға мамырдың соңына дейін өтемақы төленеді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне су тасқыны кезінде малынан айрылған тұрғындардан 101 өтініш келіп түсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері.
Жылыой ауданында су тасқыны кезінде барлығы 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шекті. Оның ішінде:
- 93 бас ірі қара мал;
- 697 бас ұсақ мал;
- 55 бас жылқы;
- 31 бас түйе;
- 532 құс.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, 2024 жылғы 20 мамырдан бастап малынан айрылған 23 иесіне жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді.
"Су тасқыны кезінде малы зардап шеккен қалған 78 тұрғынға ақшалай өтемақы ағымдағы айдың соңына дейін төленеді. Төлемдердің жалпы сомасы – 93,5 млн теңге", - деді Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104395-tasqyn-kezinde-malynan-airylgan-qulsarylyqtarga-otemaqy-qashan-beriledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.