Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы үш бағыт бойынша әйелдерге арналған вагондар ашылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жазда Қазақстанда "әйелдер вагондары" бар үш жаңа бағыт ашылады. Бүгінде әйелдерге арналған вагондары бар пойыздар 8 бағыт бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ұлттық тасымалдаушы компания "Әйелдер тасымалы" жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 600-ден астам респондент қатысқан.

Сауалнама нәтижелері бойынша, биыл жазда тағы үш бағыт бойынша әйелдер вагондарын іске қосу туралы шешім шығарылған:

  • №354/353 "Астана-Семей";
  • №24/23 "Ақтөбе-Алматы";
  • №25/26 "Алматы-Шымкент".

Сондай-ақ, компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде әйелдер вагондары бар пойыздар мынадай 8 бағыт бойынша жүреді:

  • №77/78 "Алматы-Маңғыстау";
  • №351/352 "Алматы-Өскемен";
  • №45/46 "Павлодар-Түркістан";
  • №37/38 "Маңғыстау-Семей";
  • №47/48 "Атырау-Астана";
  • №33/34 "Ақтөбе-Алматы-1";
  • №4/3 "Астана-Алматы-2";
  • №71/72 "Астана-Шымкент".

Ұлттық тасымалдаушының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел "Әйелдер вагондары" қызметін пайдаланған. 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жолаушылар саны 2 есеге өскен.

Сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері жеті жасқа дейінгі ер балаларға әйелдер вагондарында жүруге рұқсат етілгенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105796-qazaqstanda-tagy-ush-bagyt-boiynsha-aielderge-arnalgan-vagondar-iashylady/