Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда болған жаппай төбелестен кейін кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

Жарияланған күні:

Мектеп кабинеті
Мектеп кабинеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда "Жас сарбаз" лицей-интернатының директорына қатысты немқұрайдылық туралы бап бойынша тергеу басталды. Бұл туралы аймақтың ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарына қарағанда, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Жанжалдың барлық қатысушысы полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың әрқайсының рөлі белгіленеді, содан кейін олардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ мектеп директорына қатысты жол берілген немқұрайдылық дерегімен тергеу басталды", - деп атап өтті Павлодар облысының ПД өкілдері.

Еске салайық, 16 мамырда Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері төбелес шығарған. Полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқу орнының кабинеттерінің біріндегі төбелеске 40-қа дейін кадет қатысқан.

Мектептен ауруханаға үш жасөспірім жеткізілген. Олардың біреуіне бет сүйегінің сынуы диагнозы қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2105958-pavlodarda-kadet-mektebinde-bolgan-zhappai-tobelesten-keiin-tergeu-bastaldy/