jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бір облысында шегіртке қаптады

Шегіртке
Шегіртке. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында италиялық шегірткелердің жаппай шабуылы тіркелді. Мамандар облыстың алты ауданында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік мәліметінше, биыл бір ғана Ақтөбе облысында 784 мың гектардан астам жерді химиялық өңдеу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мамыр айының басынан бері Ырғыз, Мұғалжар, Ойыл, Байғанин, Шалқар, Темір және Қобда өңірлерінде италиялық шегіртке дернәсілдері тіркелгенін хабарлады.

"11-12 мамыр аралығында Ойыл ауданының Көптоғай, Үйіл, Ш Берсиев ауылдық округтерінде италиялық шегірткелердің жаппай шабуылы тіркелді", - деді Ақтөбе облысы бойынша МСҚК аумақтық инспекция бөлімінің бас маманы Арыстанбек Жәкібаев.

Қазір облыста жәндіктерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 10,7 мың гектардан астам алқап өңделді.

"Республикалық бюджеттен шегірткелерді химиялық өңдеуге қаражат бөлінді, аудандарға қажеттінің барлығы жөнелтілді", - деді Жәкібаев.

Қазақстанның бір облысында шегіртке қаптады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.