Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері еліміздің кей аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтіледі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын-шашын болып, кей өңірлерде бұршақ жауады деп болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік метеорологиялық қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандардың болжмынша, алдағы үш күнде Қазақстанда солтүстік циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі.

Синоптиктер 25-27 мамырда солтүстік облыстарда, 25-26 мамырда орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда еліміздің шығыс облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтілетінін ескертеді.

Қазақстанның солтүстік-батысында бұл күндері қатты жаңбыр жауады.

"Суық ауа массаларының әсерінен түнде және таңертең ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Атап айтқанда 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда күн суытады", - делінген ауа райы болжамында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106354-demalys-kunderi-elimizding-kei-aimaqtarynda-kun-kurkirep-burshaq-zhauady-dep-kutiledi/