Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында көпір тірегінің шөгуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жарияланған күні:

Көпір
Көпір. Көрнекі сурет: Қостанай облыстық ПД

Атырау облысында облыстық маңызы бар көпір тірегінің шөгуіне байланысты тасжолда автокөлік қозғалысы шектелді. Ол жаңа маршрут бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазавтожол" АҚ-ға сілтеме жасай отырып.

"2024 жылғы 24 мамырда "Атырау-Индер" автожолының 16-17 шақырымындағы (Жаңа сұңқар арнасы) облыстық маңыздағы көпірдің тірегі ішінара отырғаны анықталды.

Сол себепті көлік қозғалысы Атырау-Хамит Ерғалиев-Махамбет-Индер бағыты бойынша көрсетілген сызбаға сәйкес жүзеге асырылады", - делінген Telegram-арнасында.

Аталмыш учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік орнатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106738-atyrau-oblysynda-kopir-tiregining-shoguine-bailanysty-kolik-qozgalysyna-shekteu-qoiyldy/