Бұрынғы Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болған академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақ КСР денсаулық сақтау министрлерінің бірі болған, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы, отандық медицинаның мақтанышы Төрегелді Шарманов дүниеден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазҰМУ-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Төрегелді Шарманов 25 мамырда қайтыс болды, деп хабарлады Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өкілдері.
"Қазақ медицинасының мақтанышы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті", - делінген хабарламада.
Төрегелді Шарманов әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған "Еңбек ері" атағының иегері болды.
Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.
2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді. Ол сыйлықты бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106771-buryngy-qazaq-ksr-densaulyq-saqtau-ministri-toregeldi-sharmanov-omirden-otti/