jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бұрынғы Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болған академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті

Төрегелді Шарманов
Төрегелді Шарманов. Фото: facebook.com/KazNMU

Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлерінің бірі болған, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы, отандық медицинаның мақтанышы Төрегелді Шарманов дүниеден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазҰМУ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Төрегелді Шарманов 25 мамырда қайтыс болды, деп хабарлады Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өкілдері.

"Қазақ медицинасының мақтанышы, әлемдік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті", - делінген хабарламада.

Төрегелді Шарманов әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған "Еңбек ері" атағының иегері болды.

Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.

2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді. Ол сыйлықты бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам алған.

Бұрынғы Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болған академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.