Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер мұғаліміне үш бөлмелі пәтер сыйлады (фото)

Жарияланған күні:

Маңғыстауда мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер мұғаліміне баспана сыйлады
Түлектер мен ұстазы. Фото: t.me/mangystau_news

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер мұғаліміне баспана сыйлады. Бұл туралы облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы өкілдері Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Жаңаөзендегі №10 жалпы білім беретін мектептің 2004 жылғы түлектері мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірге физика пәні мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға 3 бөлмелі пәтер сыйлаған.

Түлектер пәтер кілтін 25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиынында табыстады. Күтпеген жерден үйлі болған Гүлнар Қарақойшиева қуаныштан көзіне жас алып, оқушыларына ризашылығын білдірген.

20 жылдық түлектер ұстазына баспана сыйлады
20 жылдық түлектер ұстазына баспана сыйлады. Фото: t.me/mangystau_news

Қайырымдылық қорының демеушілері де жаңа үйге өз сыйлықтарын тарту етті.

Айта кетейік, Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам уақыт мектепте жұмыс істеп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107332-zhangaozen-qalasynda-mektep-bitirgenine-20-zhyl-bolgan-tulekter-mugalimderine-baspana-syilady/