jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

жаңбыр
Жаңбыр астында тұрған орындықтар. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды – бірқатар өңірде қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді. Бұл туралы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" мамандары ұсынған мәлімет бойынша, кезекті циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер өзімен бірге жаңбыр әкеледі.

Синоптиктердің болжамынша, 28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта жаңбыр соңы ылғалды қарға айналуы мүмкін. Температура бойынша айтарлықтай жоғарылау күтілмейді.

28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Болжам бойынша, еліміздің батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі.

Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.