Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсылық көрсетіп, балағаттаған": Қонаевта казиноға полиция шақыртылған

Жарияланған күні:

Күдіктіге кісен салу
Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсетіп, балағаттағаны үшін 7 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлйды.

23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаев қаласында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде мас күйде жүрген ер адам туралы хабарлама бойынша оқиға орнына барған.

Келген кезде, азамат айналасындағыларға агрессия танытып қана қоймай, полиция қызметкерлерін балағаттаған.

Жағдайды бақылаған олицейлер мас ер адамды ұстады.

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

"Тәртіп сақшылары көрсеткен кәсібилік пен ұстамдылық ауыр зардаптың алдын алды. Біз әрқашан жанжал кезінде барлық қатысушы үшін мәселені оңтайлы шешуге тырысамыз", - дейді Қонаев қалалық полиция басқармасының бастығы Ұлан Садықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107500-qarsylyq-korsetip-balagattagan-qonaevta-kazinoga-politsiia-shaqyrtylgan/