Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевта жел ұйытқып, Қапшағай су қоймасында су деңгейі көтерілді

Жарияланған күні:

Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Бүгін Қонаев қаласында шығыс бағыттан жылдамдығы 24 м/с жел ұйытқып соқты. Салдарынан жағажайларда толқынның әсерінен су көтерілген, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Осыған байланысты қала әкімі Асхат Бердіханов жедел құтқару жасағының дайындығын көріп қайтты.

"Қазіргі таңда тұрғын үйлер мен нысандарды су басу қаупі жоқ. Жағдай қала әкімдігі мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қатаң бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қапшағай су қоймасының деңгейі – 478,98 м, көлемі – 18 млрд 420 млн м3. Қауіп жоқ екені айтылған.

Іле өзенінен судың орташа келу ағысы – 586 м3/с, Қапшағай ГЭС-нан суды түсіру ағысы – секундына 900 текше метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107728-qonaevta-zhel-uiytqyp-qapshagai-su-qoimasynda-su-denggeii-koterildi/