Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда тұрғындарға дала тасбақасын үйінде ұстағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін

Жарияланған күні:

Дала тасбақасы
Дала тасбақасы. Фото: Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңес

Дала тасбақаларын жабайы табиғаттан арашалап алуға, оның ішінде үй жануарлары ретінде ұстауға немесе сатуға тыйым салынады. Осыған байланысты маңғыстаулықтар дала тасбақасын үйінде ұстағаны үшін әкімшілік жазаға тартылуы ықтимал. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңес тұрғындар дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

"Тасбақаларды жабайы табиғаттан алып кетуге болмайды. Егер тасбақаны кездестіргеніңіз жайлы естелік қалдырғыңыз келсе, онымен суретке түсіп, кейін жіберіңіз. Бұл үй жануары емес, жабайы аң. Оларды үйде ұстау немесе үй жануарлары ретінде сату мақсатында әкетуге болмайды. Егер қалада, жеке секторда немесе саяжайда тасбақа тапсаңыз, бұл жерлер оның мекен етуіне жарамайтынын есте сақтау керек. Ол адамдардың қолынан немесе көліктің астына түсіп, өліп қалуы мүмкін", - деді экологтар.

Сондай-ақ басылымның Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесіне сілтеме жасап жазуынша, дала тасбақасын үйде ұстағаны үшін тұрғындарға 10-нан 140 АЕК (36 920 – 516 880 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 389-бабында (Жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау) көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107890-manggystauda-turgyndarga-dala-tasbaqasyn-uiinde-ustagany-ushin-aiyppul-salynuy-mumkin/