Тиктокер мемлекеттік туды "шүберек" деп атағаны үшін жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүркістанда 2006 жылғы тұрғын мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық соттың үкіміне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдарын сәйкес, биыл 14 сәуірінде жігіт Түркістан қаласының орталық көшесімен көлік жүргізіп келе жатып, телефонына ілініп тұрған мемлекеттік туды камерасына түсіріп алған.
Келесі күні ол роликті TikTok-та жариялаған.
Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының туын "шүберек" деп атаған. Видео ұнатпағандар көп болған. Пікір білдірушілер де мемлекеттік рәмізге деген мұндай көзқарасқа наразылық білдірген.
Көп ұзамай автор жазбасын өшіріп тастаған, бірақ кейбір қолданушылар полиция мен прокуратураға арыз түсірген. Бұл факт бойынша тергеу басталды.
Жігіттің жеке басы анықталып, ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Роликтің мазмұнын талдаған психологиялық-филологиялық сараптамадан автордың сөзінен Қазақстанның мемлекеттік рәмізін қорлағаны анықталды.
Сотта жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, өкініп, кешірім сұрады.
Тергеуден жиналған материалдар негізінде оның кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен ол бір жыл бас бостандығын шектеу жазасына және жүз сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108241-tiktoker-memlekettik-tudy-shuberek-dep-atagany-ushin-zhauapqa-tartyldy/