"Ең арзан жол бізде": министр Қазақстанда ақылы жолдардағы тариф бағасы тағы өсетінін айтты
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев ең арзан баға бізде екенін айтып, ақылы жолдардағы тариф бағасын тағы көтеру жоспарда бар екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Жолдың бағасын көтеру жоспарда бар. Халықаралық көлік жүргізу конвенциясына сәйкес, отандық және шетелдіктер бірдей төлеу керек. Ең арзан жол бізде. Мәселен, Ресейде Мәскеу-Қазан жолы салынды. Ресейліктер осы жолда жүргені үшін шақырымына 25 теңге төлейді, ал бізде 1 теңге 20 тиын", - деді ол.
Оған қоса, министр әртүрлі санаттары бойынша қазақстандықтарға жеңілдік жасалғанын айтты.
"Жолдаушыларды тасымалдайтындар ақылы жолға мүлдем төлемейді. Жүк тасымалдаумен айналыстандар алдын ала төлесе, 15 пайыз жеңілдік жасаймыз. Сапасы төмен жолдарға ақы төленбейді", - деді Марат Қарабаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108652-eng-arzan-zhol-bizde-ministr-qazaqstanda-aqyly-zholdardagy-tarif-tagy-osetinin-aitty/