Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ауруханалардың бірінде шатырдан су өтіп, төбенің бір бөлігі опырылып түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жаңбыр суы аурухана төбесін құлатқан
Аурухана төбесі. Фото: t.me/astanovka98

Астанадағы №1 қалалық ауруханада жаңбырдан кейін шатырдан су өтіп, төбесі опырылып түсті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауруханадағы құлаған төбенің суретін Telegram-дағы Astanovka98 арнасы жариялады.

"Оқырмандар елордадағы №1 ауруханадан осындай сурет жіберді. Олар шатырдан су өтіп кеткенін жазған. Қазір жаңбырдың салдары жойылып жатыр, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тексеріс жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жұмсақ шатырда жарықтар анықталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аурухананың жұмсақ шатырына техникалық сараптама жүргізілуде.

№1 көпсалалы қалалық аурухана әкімшілігі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - дейді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жаңбырдан кейін жүз жылдық емен ағашы тұрғын үйдің үстіне құлап, ғимараттың шатырын сындырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108730-astanada-auruhanalardyng-birinde-shatyrdan-su-otip-tobening-bir-boligi-opyrylyp-tusti/