Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі туралы хабарлау жүйесі сынақтан өтеді: тұрғындар нені білуі керек

Жарияланған күні:

Құлақтандыру жүйесі
Құлақтандыру жүйесі. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 31 мамырда ТЖ туралы құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді. Әкімдік тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Mass Alert ТЖ туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылады.

"Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылады.

Ертең сағат 12:00-де Android мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде "Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested", деген хабарлама келіп түседі", - деп ескертті әкімдік өкілдері.

Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертуде.

Сондай-ақ Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109267-almatyda-zher-silkinisi-turaly-habarlau-zhuiesi-synaqtan-otedi-turgyndar-neni-bilui-kerek/