Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда сауда орталықтарының бірінде ер адам әжетханадағы бойжеткенді сығалап қараған

Жарияланған күні:

Дәретхана
Дәретхана. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанайда сауда орталығының дәретханасында ер адам бойжеткенді сығалап қараған. Күдікті қазір қамауға алынды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Бұған дейін әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткеннің жазбасы пайда болған. Бойжеткен Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде дәретханада өзін біреу сығалап, бақылап тұрғанын жазған.

Ол өзін сығалап тұрған адамды видеоға түсіріп алған. Содан кейін полицияға жүгінген.

Телеарна ақпараты бойынша, полицейлер күдіктіні ұстаған.

"Қазіргі уақытта күдікті Қостанай полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әкімшілік сот бұзақылық дерегі бойынша процесуалдық шешім қабылдайды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ұсталған 36 жастағы ер адам Қостанай облысының тұрғыны екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109321-qostanaida-sauda-ortalyqtarynyng-birinde-er-adam-darethanadagy-boizhetkendi-sygalagan/