jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды

Әсет Қалиев1
Әсет Қалиев. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры, басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін желіде "М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ ректоры Әсет Қалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында "Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталғанын растайды. Қосымша мәліметтер кейін хабарланады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 2022 жылғы қыркүйекте Әсет Қалиев "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалды.

Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып бастады. Одан кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасында оқыды. Ол медицина ғылымдарының докторы.

Әр жылдары Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасының хирург-дәрігері, бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті қызметтерін атқарды.

2008-2014 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (бас хирург), бөлім меңгерушісі, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

2014-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдың шілде-қыркүйегі аралығында Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап соңғы тағайындалғанға дейін Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.