Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүмкін емес": ауыл шаруашылығы вице-министрі су тасқынынан өлген малдың еті сатылды деген қауесетті жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Етті турау
Ет пен көкөністер. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Ауыл шаруашылығы вице-министрі сенат кулуарында әлеуметтік желіде су тасқыны кезінде өлген малдың еті тартылып, сатылып жатқаны туралы жарияланған жазбаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Вице-министр Аманғали Бердалиннен су тасқыны кезіндегі өлекселер қазақстандық базарлар мен сауда нүктелерінде сатылу қаупі бар ма деп сұрады.

"Менің ойымша, бұндай қауіп жоқ және болуы да мүмкін емес. Өйткені сауда орындарындағы ветеринарлық зертханалар оларды тексереді.

Қазіргі уақытта бұл ақпарат нақты анықталған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалардан кейін біз тексердік, бірақ таппадық – деректер расталмады", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Бердалин сауда сөрелерінде мұндай еттің жоқтығына кепілдік беруге дайын екенін айтты.

"Иә, бүгінде ветеринарлық қызмет жағдайды бақылауда ұстап отыр деп сеніммен айтуға болады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109441-mumkin-emes-auyl-sharuashylyq-vitse-ministri-su-tasqynynan-olgen-maldyng-eti-satyldy-degen-qauesetti-zhoqqa-shygardy/