Ғылым және жоғары білім министрі "Болашақ" бағдарламасына қатысты шуға пікір білдірді
Жарияланған күні:
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сенат кулуарында "Болашақ" бағдарламасына қатысты шыққан мәселенің қалай шешіліп жатқаны айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, кепіл болған Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева жауапкершіліктен босатылып, енді Валерия Гавриленконың өзі қарызды қайтаратыны туралы келісімшартқа қол қойған.
"Гавриленко өткен аптада келісімшартқа қол қойды, ол барлық қарызды өз мойнына алды. Екі жақ та қол қойды, енді ақшаны қайтара бастайды. Біз Бас прокуратураға "Болашақтың" бұрынғы басшылығын жауапкершілікке тарту туралы өтініш бердік", - деді министр.
Ол министрлік пен "Болашақ" орталығы осы уақытқа дейін неге еш әрекет етпегені туралы сұраққа жауап берді.
"2019 жылы "Болашақ" стипендиясының иегері Гавриеленконың Қазақстанда 5 жыл жұмыс істеу керек деген міндетті орныдағысы келмейтіні анықталды. Министрлік қаржыны қайтаруды талап еткен кезде оның кепілдеріне қатысты әңгіме басталды. Гавриеленконың үйі стипендияның құнын жабуға жетпегендіктен, оның сол кездегі әріптестері Мақпал Дәрібаева мен Воробьева оған кепіл болған, олар заң бойынша жауапкершілік қаралғанымен келісіп, келісімшартқа қол қойған.
2021 жылы сот "Болашақтың" өтінішін қанағаттандырып, ақшаны қайтару туралы шешім шығарды. Бас прокуратура істің қалай болғанын тексеріп, бұрынғы "Болашақ" президентінің заңсыз шығарғаны анықталды. Бұдан кейін біз қалалық прокуратураға қаражатты қайтару туралы өтініш қалдырдық. Орталық еш шара қабылдамады деп айтуға болмайды", - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Валерия Гавриленкоға шетелдегі оқуы үшін кепіл болған әріптестері Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева оның "Болашақ" орталығының қызметкерлерімен келісіп, кепілге қойған баспананы алып тастағанын айтып, президентке үндеу жасаған еді.
Сол кезде осы жағдайға қатысты "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдері мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109450-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministri-bolashaq-bagdarlamasyna-qatysty-shuga-pikir-bildirdi/