Бұрынғы мәжіліс депутаты алаяқтар оның атынан жалған хабарлама таратып жатқанын ескертті
Жарияланған күні:
Читать на русскомБұрынғы мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева Facebook-тегі парақшасында оның атынан алаяқтар мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға хабарласып жатқанын айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Айгүл Соловьева бүгін желідегі парақшасына бейнеқоңыраулар мен хабарламалардың скриншотын қоса бере отырып, жазба жариялады.
"Мұнда фотом қойылған белгісіз нөмірден менің атымнан алаяқтық мәндегі ақпарат таратып жатыр. Алданып қалмау үшін ескерткім келеді", - деп жазды экс-депутат.
"Параграф" ақпараттық жүйесіндегі мәлімет бойынша, Айгүл Соловьева 2007-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болған.
2024 жылғы сәуірден – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109501-buryngy-mazhilis-deputaty-alaiaqtar-onyng-atynan-zhalgan-habarlama-taratyp-zhatqanyn-eskertti/