Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі

Жарияланған күні:

Аптап ыстық
Аптап ыстық. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

1-3 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ күн жылынады – оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1-3 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген аймақта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды.

Жаздың алғашқы күндерінде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасының 17-27 градусқа дейін бірте-бірте көтерілсе, республиканың оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Бүгін, 31 мамырда Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз Шымкентте термометрлер +29 градусқа дейін, Алматыда +24 градусқа дейін, Астанада +15 градусқа дейін көтеріледі.

Кеше синоптиктер Іле өзенінің гидрологиялық станциясында – Қапшағай су электр станциясынан 164 шақырым биіктікте ҚХР аумағынан ағын сулардың ұлғаюы салдарынан су деңгейінің күрт көтерілгенін хабарлады.

Сондай-ақ бұған дейін маусым айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, яғни ыстығырақ болады деп, ал еліміздің батысында температура норма шамасында болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110128-zhazdyng-algashqy-kunderinde-qazaqstanda-qandai-aua-raiy-kutiledi/