jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматылықтарға жіберілген хабарламалар неліктен "президенттік" деп аталған: әкімдік өкілдері түсіндірді

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімдігінің өкілдері хабарлама атауы халықаралық стандарттарға байланысты екенін және оны ешкім өзгертуге болмайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Android ОЖ базасындағы телефондарды пайдаланатын Алматы тұрғындары "президенттік құлақтандыру" алды.

Алматыда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Mass Alert – төтенше жағдайды жедел хабарлау жүйесі сынақтан өткізілді.

"Уайымдамаңыз. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде", - делінген үш тілдегі хабарламада.

Ескерту жүйесі туралы хабарлама
Ескерту жүйесі туралы хабарлама. Скриншот: NUR.KZ

Алматы әкімдігінің өкілдері ескерту неліктен "президенттік" деп аталғанын түсіндірді.

"Құлақтандыру жүйесін тексеру туралы хабарламалар "Президенттік құлақтандыру" немесе "Ұлттық құлақтандыру" белгісімен келді. Бұл 3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясы Cell Broadcast арнасының тақырып атауларын стандарттаумен байланысты.

Осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғысында осы атауларды операциялық жүйе деңгейінде іске асырады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ әкімдік қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы үшін өндірушілерге "Ұлттық құлақтандыру" деген тақырыппен жазу талаптары әзірленіп жатқанын атап өтті.

Алматылықтарға жіберілген хабарламалар неліктен "президенттік" деп аталған: әкімдік өкілдері түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.