Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкімдердің ЭЦҚ кілтін пайдаланған": Ақмола облысында шенеунік 7 жылға сотталды

Опубликовано:

Liudmila Chernetska/Getty Images
Сот. Көрнекі сурет: Сот

Ақмола облысындағы ауылдық округі әкімдігінің есепші маманы 7 жылға сотталды. Ол қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап еткен. Бұл туралы Ақмола облысы Целиноград аудандық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Ол 2018 жылғы қаңтары – 2023 жылғы қазан аралығында әкімдердің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, штат кестесінде белгіленген мөлшерден асыра өзінің жалақысына жалған мәліметтер енгізген.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, көрсетілген кезеңде сотталушы өзінің банктік шотына 20 млн теңгеден астам жалақы аударған.

"Мемлекетке келтірілген залалды сотталушы қылмыстық істі тергеу сатысында толық көлемде өтеді. Жаза тағайындауда сот, сотталушының жеңілдететін мән-жайлары ретінде жас балалардың болуын және залалды ерікті түрде өтелгенін есепке алды", - делінген хабарда.

Сот үкімімен шенеунік мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетіле отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот бақылаудың болмағаны үшін облыс және ауылдық округ әкімдерінің атына, сондай-ақ жол берілген бұзушылық пен тиісінше бақыламағаны үшін жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін Қазынашылық департаменті басшылығының атына жекеше қаулылар шығарды.

Оған қоса, жұмыста немқұрайлы қарауға жол берген бұрынғы әкімдерге қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғау туралы мәселе бойынша сот прокуратураға хабарлама жолдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110557-akimderding-etsq-kiltin-paidalangan-aqmola-oblysynda-sheneunik-7-zhylga-sottaldy/