Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады

Опубликовано:

Сарбаздар
Сарбаздар. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Онда Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай биылғы жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтетіні мәлімделген. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатыны айтылады. 

"Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - дейді ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110563-qorganys-ministrligi-resmi-habarlama-zhariialady/