Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биылғы мамырда шекарада қанша адам ереже бұзған: ҰҚК Шекара қызметінің есебі

Опубликовано:

Ресеймен шекаралас Жайсаң бекетіндегі жолаушылар
Ресеймен шекаралас Жайсаң бекеті. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 3 368 адамды ұстады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, мынадай құқықбұзушылық жасау деректері тіркелген:

  • 50 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
  • 59 шетел азаматтарымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

️Мемлекеттік шекара арқылы 1 739 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 38 – есірткі заттары, жалпы салмағы – 143 гр.;
  • 82 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық, 2 дана зақым келтіру және 135 дана суық қарулары, 62 дана оқ-дәрілер);
  • 32 – діни әдебиет (561 дана);
  • 536 – жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (46 тоннадан астам);
  • 883 – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 168 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 21 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 8 дана жүзу құралдары;
  • жалпы ұзындығы 36,7 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 75 дана (703 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 3 487 дана (5 605 кг) таза тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы – 279 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110569-biylgy-mamyrda-shekarada-qansha-adam-shekara-buzgan-uqk-shekara-qyzmetining-esebi/