Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентін құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен Италия халқын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл «G7» дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді іске асыру мақсатында бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты қызметіне толағай табыс, достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік биыл 17 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Римге ресми сапармен барған болатын.

Италия астанасында Тоқаев ел президенті Серджо Маттарелламен келіссөздер жүргізіп, түскі ас ішті – Қазақстан басшысы әріптесін Қазақстанға шақырды. Кейін Тоқаев "Киджи" сарайына барып, Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен келіссөздер жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110917-qasym-zhomart-toqaev-italiia-prezidentin-quttyqtady/