Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Бішкек тасжолында екі жүк көлігі мен бес жеңіл көлік соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасы
Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматы облысындағы тасжолдың бірінде ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, апатта жеті көлік зардап шекті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы-Бішкек тасжолының 28 шақырымында екі жүк көлігі мен бес жеңіл көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды.

Көліктерге механикалық зақым келген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, деп қосты ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы тасжолдың бірінде рейстік автобус апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы 11 жолаушы зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110923-almaty-bishkek-taszholynda-eki-zhuk-koligi-men-bes-zhengil-kolik-soqtygysty-video/