Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында тағы бір тасжолды су шайып кетті: жүк көлігіне шектеу енгізілді

Опубликовано:

Атырау облысындағы су тасқыны
Атырау облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: t.me/oper_shtab_atyrau

Атырау облысында Х.Ерғалиев – Таңдай жолын еріген су шайып кеткен. Осыған байланысты жүк көліктеріне шектеу енгізілді. Бұл туралы облыстық жедел штабқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының Telegram-дағы арнасында жарық көрген ақпаратқа сүйенсек, жолды су басу жағдайы бес күннен бері сақталып отыр.

"Судың көп мөлшерде келуіне байланысты, топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалып отыр. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталмыш жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген жедел штаб хабарламасында.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын еріген су Махамбет – Х.Ерғалиев тасжолының бір бөлігін шайып кеткен. Мұнда да жүк таситын көліктерге де шектеулер енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111094-atyrau-oblysynda-tagy-bir-taszholdy-su-shaiyp-ketti-kolik-turlerining-birine-shekteu-engizildi/