Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда видеоға түсіп қалған полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Опубликовано:

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда полицейлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды – тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 17 мамырда әлеуметтік желіде оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған видео жарияланған.

"Жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді", - делінген Агенттік таратқан хабарламада.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111181-aleumettik-zhelide-shyqqan-zhariialanym-boiynsha-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/