Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Велосипед
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын болжады. Елімізде найзағай мен жаңбыр толастап, күн ыси бастайды, деп хабарлайды мемлекеттік метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Алайда жауын-шашын біртіндеп толастап, күн ыси бастайды. Осылайша алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде:

  • Қазақстанның батысында – +30...+39 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста – +25...+35 градусқа дейін;
  • солтүстікте – +23...+30 градусқа дейін;
  • республиканың орталығында және шығысында – +25...+33 градусқа дейін;
  • оңтүстікте – +35...+40 градусқа дейін;
  • оңтүстік-шығыста – +28...+35 градусқа дейін күн ысиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111298-40-gradusqa-deiin-ystyq-qazaqstanda-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolmaq/